Түркістан облысының әкімдігі "Бөген" су қоймасынан түсірілген бейнежазба жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Осыған дейін, әлеуметтік желілерде су қоймасынан келетін қатер туралы, Арыс қаласын су басу қаупі туралы ақпарат тараған болатын.
Аталмыш бейнежазбаны Түркістан облысы ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов түсірген.
"Соңғы жағдайларға байланысты айтар болсам, "Бөген" су қоймасына қатысты тараған қауесеттерге байланысты түсірілім жасап отырмыз. "Бөген" су қоймасында барлығы тыныш, бірқалыпты жұмыс жасалынып жатыр. Арыс-Түркістан магистраль каналынан шаруаларды ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында 47 м/с жылдамдықпен су босатылып жатыр. "Бөген" су қоймасынан келетін ешқандай қауіп жоқ", - делінген бейнежазбада.
Пікір қалдыру