Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына ұшып шығады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Мемлекет басшысымен бірге Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барады.
Президент түске дейін Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарылыстың себептерін анықтауды тапсырған болатын", - деп жазды Берік Уәли өзінің фейсбук парақшасына.
Пікір қалдыру