Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Арыстағы төтенше жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Ел басына түскен ауыртпашылықтан ешкім шет қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды", - деп жазды Берік Уәли. Оның айтуынша, Президент Әкімшілігінің қызметкерлері де Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл бастамасын қолдап, көмек беруге қосылған.
Пікір қалдыру