«Nur Otan» Арыстағы апаттан зардап шеккендерге жүйелі түрде көмек көрсетуде

/image/2019/06/25/crop-63_0_720x960_9ad8a50c-5ae1-412d-bc05-ffbc668b8184.jpg

Партияның ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде гуманитарлық көмек қабылдайтын орындар ашылып, олар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде партияның бастамасымен бірқатар облыстан азық-түлік, киім-кешек және басқа да керек-жарақтар тиелген авторкеруендер жолға шықты. Олардың алды межелі жерге жетіп, халыққа үлестіріліп те жатыр.

Бұл туралы партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында жазды. nur otan

«Алғашқылардың бірі болып кеше партиямыздың Қарағанды облыстық филиалы азық-түлік, киім-кешек және басқа да керек-жарақтардан тұратын 10 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Партияның мұрындық болуымен Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан да автокеруендер жолға шықты», – делінген жазбада.

Сонымен қатар жазбада зардап шеккен арыстық балалардың жазғы демалыстары да назардан тыс қалмайтыны айтылған.

«Партиямыздың Ақмола облыстық филиалы Щучинск-Бурабай демалыс орындарында арыстық 100 баланың демалысын қамтамасыз етеді. Павлодар облысы да жазғы маусымда 300 баланың демалысына жағдай жасауға дайын. Осыған байланысты балалардың тізімін жасақтау жұмыстары да басталып кетті», – дейді Мәулен Әшімбаев. nur otan

Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің өкілдері, соның ішінде білікті психолог мамандар апат болған өңірге арнайы барып, зардап шеккен ата-аналар мен балаларға жан-жақты көмек көрсетуде. Сондай-ақ «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері аймақтағы еріктілердің басын қосып, білек сыбанып әрекет етуде.

Мәулен Әшімбаев желідегі жазбасында алдағы уақытта да партия тарапынан қолға алынған осы бағыттағы ауқымды жұмыстар қарқынды түрде жалғасатынын айтқан. nur otan

Одан бөлек, «Nur Otan» партиясының мүшелері, кәсіпкер азаматтар да бұл жағдайға бейжай қарамай, көмек қолын созып жатыр. Атап айтқанда, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Т.Есенғұлов төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында 50 миллион теңге қаражат бөлген. Партия Саяси кеңесінің тағы бір мүшесі, атыраулық кәсіпкер 1 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетсе, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Шыңғыс Қозбақов 2 миллион теңге аударған.

Апаттың салдарынан темір жолдағы қозғалыстар шектеліп, кейбір жолаушы пойыздарының кідіруге мәжбүр болғаны белгілі. Соған байланысты партияның Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен кідірген 5 пойыздағы 1200 жолаушыға ауыз су мен ыстық тамақ тегін таратылды. Сондай-ақ 15 жолаушыға қажетті медициналық көмек көрсетілді. nur otan

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар