1-шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірі қалай өзгереді?

/image/2019/06/26/crop-4_5_519x794_20171123123741.jpg

Qamshy.kz ақпарат агенттігі алдағы айдың 1-жұлдызынан бастап заңнамалар мен қоғамдық көмектің, әлеуметтік жәрдемақылардың өзгерісі туралы талдайды. Біле жүріңіз! Керегіңізге жаратыңыз!

Мүгедек балаларды асыраушыларға берілетін жәрдемақы көбейеді

1

Елімізде 1-шілдеден бастап ерекше қажеттіліктері бар мүгедек балаларды бағатын азаматтарға және бірінші топтағы мүгедек балаларды бала күнінен бағып-қағып келе жатқан ата-аналарға төленетін жәрдемақының көлемі артпақ. Бұл өзгерістер Қазақстанның «Мемлекеттік жәрдемақылар» туралы заңына енгізілген.

Өзгерістен кейінгі жәрдемақы көлемі – 41 578 теңге. Дәл қазіргі уақытты мемлекет тарапынан бөлінетін көмектің көлемі – 31 183 теңге. Өзгерген суммадағы жәрдемақыны 95 мыңнан аса адамға беру көзделуде.

Кедейлік деңгейінің көтерілуі

2

Бүгінгі таңда еліміздегі ең төменгі табыс көлемі – 29 698 теңге. Минимум көрсеткішті мемлекет өмір сүруге жеткілікті деп есептейді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдағы айдан бастап еліміздегі кедейлік деңгейін көтеруді жоспарлап отыр. «Кедейлік деңгейін анықтау» туралы бұйрыққа енгізілген өзгерістер осы дәрежедегі халықтың табысын 20 пайызға арттыруды мақсат етеді.

Ұлттық банк шетелдік компаниялардың жұмысын қадағалай бастайды

4

1-шілдеден бастап еліміздегі қаржылық емес шетелдік ұйымдар мен компаниялар өздерінің валюталық операциялары туралы Ұлттық банкке есеп беріп тұрады. Жаңа ереже «Валютаналық айналымды реттеу және валютаны қадағалау» туралы заңға сәйкес жүзеге асты.

Ұлттық банк есеп беретін компаниялар қатарына кіретіндер тізімін жариялады. Олар: мұнай шикізатын өндіретіндер; табиғи газ өндіретін; құрылыс компаниялары; бағалы заттарды өңдейтін және өндіретін; архитектуралық, инженерлік жіне техникалық қызмет көрсететін; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конситрукторлық қызмет көрсететін компаниялар.

Валюта айырбастау орталықтары жаңа ереже бойынша жұмыс жасайды

5

Алдағы айдан бастап Қазақстандағы валюта айырбасының жаңа ережелері күшке енеді. Әіресе, жаңа ережелер, ең алдымен, валюта айырбастау пунктерінде қолданысқа қосылады.

Валюта айырбасына қатысты жаңа ережелер ірі суммаларға қатысты. Мысалы, сіздің шетелдік валютаға айырбастағыңыз келетін ақшаңыз 100 мың доллардан асып кетсе, жауапты банк тұтынушыға келісімшарт ұсынуы тиіс. Бұл келісімшарт екіжақты тараптың міндеттерін анықтап, заңдастырып береді.

Кассалық аппараттардың онлайн жүйеге көшуі

6

Үстіміздегі жылдың 1-шілдесінен бастап ҚР Қаржы министрлігінің №3 ұсынысы күшіне енеді.

16-ақпан, 2018 жыл. №206 бұйрық: «Қазақстан Республикасының аумағында салық төлеушiлердiң қаражатын есептеудің жүзеге асырылуындағы қызмет түрлерi кассалық есепшоттарды есепке алу және (немесе) қолма-қол ақшаны беру».

2019 жылы кварталдық уақыт межесінде 633 қызмет көрсету түрінің жұмыс барысында онлайн кассалық аппаратты енгізу туралы шешім қабылданған:

2019 жылдың 1-сәуірінен бастап – 323 қызмет түріне;

2019 жылдың 1-шілдесінен бастап – 86 қызмет түріне;

2019 жылдың 1-қазанынан бастап – 224 қызмет түріне онлайн касса аппараты енгізіледі.

Айта кету керек, онлайн кассалық аппаратты енгізу қажеттілігі тек жалпы қолданысқа арналған телекоммуникациялық байланыс орнатылған жерлерге ғана міндеттеледі.

Азаматтық үкімет коммерциялық заңды өкілдерді тіркей алады

7

2019 жылдың 2-сәуірінде «ҚР заңдарына кәсіпкерлік ортаны дамыту үшін және тұрақты сауда қызметін көрсету үшін бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы Заң қабылданды.

Сол Заң «Азаматтық үкімет» ұйымына заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізуге, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуге, коммерциялық ұйымдар мен мемлекеттік корпорациялардың қызметіне қатысты шешімдер қабылдау функциясын алып берді.

Үстіміздегі жылдың 1-шілдесінен бастап жоғарыда аталған қызметтерді «Азаматтық үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсете алады.

ҚР ІІМ енді жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын емтихандарды қабылдамайды

8

1-шілдеден бастап Ішкі істер министрлігі азаматтардан жүргізуші куәлігін беру үшін тапсырылатын емтихандарды қабылдамайды. Бұл қызметті ІІМ-нің емтихандық тіркеу бөлімі атқарып келген.

Бұл функция жоғарыда аталған «Азаматтық үкімет» мемлекеттік корпорациясына беріледі. Бұл ұйымға қазіргі уақытта халыққа қызмет көсрету орталықтары мен арнайы қызмет көрсету орталықтары қарасты.

Арнайы қызмет көрсету орталықтары емтихан алып, жүргізуші куәлігін алуға мүдделі адамның барлық уақыттағы әрекеттерін тексеріп, құжат дайындай алады.

Шылымның бағасы тағы да өседі...

9

2018 жылдың қараша айында ҚР Үкіметі «Сүзгісі бар сигареттің, сүзгісі жоқ шылым мен папиростың минималды сауда бағасын бекіту туралы» қаулыға өзгеріс енгізілді.

Осы құжатқа сәйкес, елімізде әрбір жарты жыл сайын бір қорап шылымның орта бағасына 20 теңге қосылып отырады.

Дәл қазір шылымның бір қорабының нарықтық орташа бағасы – 380 теңге. 2019 жылдың 1-шілдесінен бастап бұл баға 400 теңгеге өседі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар