Алдыңғы аптада ғаламтор пайдаланушылардың дауыс беруі негізінде сайттарды сарапқа салған едік. Интернетте отыратын әрбір қазақ өзінің көңіл қалауынан шыққан сайтына дауыс берді деп есептеймізү. Нәтиже бойынша топ жарған алғашқы үштікті атап өтсек: Жасөркен.kz (29%, 229 Дауыс), Массагет.kz (17%, 136 Дауыс), Алаш айнасы.kz (11%, 89 Дауыс). Үздігін таңдау барысында оқырман өзі қалаған сайтына бір IP адрестен бір-ақ рет қана дауыс бере алды. (Екінші рет дауыс беру талпынысын бағдарлама қабылдамайды)Бұл үздік сайтты таңдауда байқаудың мейлінше әділ болғандығын білдіреді. Заманауи ақпарат жеткізу тәсілін меңгеріп, интернеттегі қазақ тілді кеңістік қалыптастыруда еңбектеніп жүрген әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Туған тілімізде медиа алаңға шыққан әрбір сайт қазақтың игілігіне қызмет ететіндіктен, мүддеміз бен мақсатымыз бір деп санаймыз.
