Астанада ауа-райы қалай екен деп ойлап отырмын да. Ысыған шығар ендігі. Баяғыда, айналасына ор қазып, су жіберіп, Есілдің сол жағына, қазіргі Астананың орнына керемет бекініс жасаған, халқы бір жақта өздері бір жақта лағып жүрген, Ресейден шен алып, шекпен киген атқамінерлерді осындай шілденің ыстығында әкесін танытқан ғой жаны жаннатта болғыр Кенесары хан. Атқан, асқан, шырылдатып найзаның ұшына ілген. "Ресейдің сойылын соққанды қоясыңдар" деген жалғыз шарт қойған. Кенесарының Ақмола бекінісін талқандағанына 177 жыл болыпты биыл, Тарихта дәлелденген, үтір, нүктесі қойылған дата. Атап өтетін дата ғой өзі де. "Осылай да, осылай, ықылым заманда Ресейдің қолшоқпары болған қазақ билеушілерін осы Астанада найзаның ұшына ілген" дегенді бүгінгі билеушілердің айтып тұрғаны көз алдыма келмей тұр бірақ:)
Асылхан Мамашұлы, Facebook парақшасынан