Бүгін Қазақстан Дүниежүзі Сауда ұйымына мүше болды. Бұл туралы Елбасы ресми мәлімдеме жасады. "Еліміз аса маңызды тағы бір тарихи оқиға қарсаңында тұр. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді табысты аяқтадық." деді Елбасы. "ДСҰ-ға мүше болу - күллі Қазақстанның жеңісі. Бұл - еліміздің жаһандық экономиканың бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуының айғағы. Ұйым мүшелігіне Бес халықтық реформаны іске асыруға кіріскен кезеңде қадам басуымыздың символдық мәні бар." деді Н.Назарбаев. https://www.youtube.com/watch?v=Nud_oxv4qHs&feature=youtu.be (Видео AkordaPress парақшасынан)