Виртуалды ақша: Ауаны қалай ақшаға айналдыруға болады?

/uploads/thumbnail/20170708181803152_small.jpg

ХХІ  ғасыр  барлық ғылым мен техниканың дамыған сәті. Қазіргі уақытта ғылымның жетістігі ретінде ғаламтордың   дамығаны сонша, сымсыз алыстағы ағайынмен 1 минутта хабар ала алатын болдық. Енді тіпті  күнделікті  кәдімгі қолдағы ақшамызды да, киімді де, сағатта да қысқасы  өміріміздегі заттарымызды да ғаламторда виртуалды  затқа айналып , виртуалды түрде сауда жасап, тауар сатып алады.   Виртуалды тауар сатып алу  қайдан шықты? Пайдасы мен зияны қандай?

Ең алғашқы виртуалды тауарлар MUD ойынындағы  ойын элементі нәтижесінде сатылған.  Ойын элементі ретінде ойын ішінде допты, тиындарды, дәрі – дәрмек болған

Виртуалды тауардың ең алғаш  ойын элементінен шығуының өзіндік мәні бар. Себебі виртуалды тауардың негізгі қайнар көзі -  виртуалды ойындар болып табылады. Соның ішінде фейсбук  сияқты әлеуметтік желілерге байланған  ойындар. Мұнда халықтың көп отыратыны сонша тіпті бұдан бюджетке ақша түсуруге де болады екен. Мәселен: 2009 жылы АҚШ әлеуметтік желілердегі ойын ойнаушылардың есебінен $1 млрд жуық табыс тапқан. Ал 2010 жылы бұл табыс көзі $1,6 млрд өскен.

Бұдан бөлек   қазіргі уақытта барлық нәрсеміз де виртуалды тауарға айналып бара жатыр.  Виртуалды маникюр, виртуалды ойын ...  дейсіз бе  толып жатыр. Соның ішінде виртуалды ақша.

Әрине виртуалды тауар виртуалды ақша арқылы іске аспай ма?!  Сіз виртуалды ақшаның уақытты үнемдейтіндігі, қай уақытта болсын өз сапасын жоғалтпайтындығы, өтірік ақшаға алданып қалмайтындығыңыз және т.б. жақсы жақтары бар. Алайда виртуалды тауар сатып алғаныңызда виртуалды ақшаңыздың қауіпсіздігі маңызды. Ақша виртуалды жүйе бойынша жұмыс атқаратын болғандықтан хакерлердің ақшаны өз шотына аударып алу мүмкіндігі бар. Сол себепті онлайн-банкинг жүйесін қолданатындарға ақшасының қауіпсіздігін күшейтуге арналған қарапайым бірнеше жол бар.

Виртуалды ақшаға қатысты құжаттарды құпия орында сақтаған жөн. 2009 жылы орын алған.  виртуалды ақшаны ұрлауға байланысты оқиғалардың 13%-ы тамыр-таныстарынан келген. Сол себепті мүмкін болса арыз, өтініш  және басқа да құжаттарды жыртып тастаған абзал. Сонымен қатар  компьютеріңізге жақсы антивирус орнатып,  Wі-Ғі арқылы алыс беріс жасамаңыз.

Енді виртуалды  тауарға  қайта оралсақ. Mindark швед компониясы «Entropia Universe»  виртуалды әлем және   онлайн ойыны  2004 жылы  және 2008 жылы  Гиннес Рекордтар кітабына виртуалды тауарды қымбатқа сатумен кірген.

Біреулер виртуалды тауарларды сатып  баюда. Біреулер сатып алып уақытын зая кетіруде.

Ал енді біреулері болса,виртуалды тауар арқылы табыс табудың басқаша жолын тапқан.

Патрик Коллисон және Джон Коллисон  ағайынды бағдарламалаушылар (програмалаушылар). Stripe  сервисін ойлап тапқан. Бұл сервис негізінен ұялы телефоннан ғаламтор арқылы төлем жасауға арналған болатын.  Былай қарағанда қарапайым болып көрінгенімен ағайындылардың құрған компониясы 4 жыл ішінде $120 миллион  инвестиция  тартқан.  Ал сарапшылар оны $1,75 млрд.-қа  бағалаған.

Қания Табыс

Қатысты Мақалалар