Арыста толық жөндеуден өтетін тұрғын үйлердің саны белгілі болды

/image/2019/07/01/crop-1_2_462x616_df53646a-d700-4e5a-8c69-c5461779dfd6-696x464.jpg

Арыста жарылыстан кейін күлі қалған үйлердің орнына жаңадан баспана салынатын болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің деректеріне сүйеніп.

Арыстағы жарылыстан толықтай өртенген үйлер саны — 21. Бұл жеке үйлерде 28 отбасы тұрған. Қазіргі таңда үй иелері уақытша орынға жайғасты.

Жалпы Арыс қаласында 7700-ден астам үй бар. Олардың көбінің шатыры, есік-терезелері жарылыстан зардап шеккен.

Айта кетейік, арыстықтарға құрылыс-жөндеу жұмыстарына көмек беру үшін еліміздің 16 облысынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 170 арнайы бригада келеді. Әр облыс қалада бөлінген секторлар бойынша жұмыс ауқымын бөліп алып, ертеңнен бастап жөндеу жұмыстарына кіріседі. Құрылыс жұмыстары 1 айдың ішінде толық бітеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар