2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы бүкіл республика бойынша тойланады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл күнге орай акциялар мен мерекелік шаралар қазірден бастап жасалуда. Абайдың құрметіне “Болашақ” бағдарламасының түлегі Шынар Шәкенова Интернетте флешмоб жариялады. Ол барлық тілек білдірушілерге Абайдың сүйікті өлеңін оқып, видеоға түсіріп, #Abai175 хэштегімен жариялауға шақырды.
“Біз Абай өлеңдерімен өстік. Барлығы Абай бір ғана өлеңі болса да, оны жатқа біледі. Сондықтан, ең сүйікті өлеңін оқып, эстафетаны бастайық”, - деді флешмоб авторы.
Пікір қалдыру