8 жастағы бала: "Әкемді 20 жылға қамауға бола ма?" (видео)

/image/2019/07/02/crop-13_1_944x928_65552196_2250027885113588_3080226896877715456_n.jpg

Әлеуметтік желіде 8 жастағы баланы әкесі арматурамен ұрғаны баяндалған видео тарады. Бейнежазбадағы ақпаратқа сәйкес, оңбай таяқ жеген бала қазір Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы ауруханасында жатыр деп  хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"8 жасар баланы өз әкесі арматурамен ұрып,  өлімші күйге жеткізген. Анасы да дәл осындай күйде бас сауғалап қашып кеткен. Алматы облыстық ауруханаға түскен бала "Көмектесіңізші!!!  Әкемді 20 жылға қамауға бола ма?" деп жалынады. Ертең ауруханадан шықса, оны заң бойынша жалғыз туысы әкесіне ғана  береді",  -деп  жазған журналист Гүлмира Абықай өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасында.

Журналист Алматы облыстық полиция департаментінен, заңгерлерлер мен балалардың құқығын қорғаумен айналысатын өкілдерден көмек сұраған.  Баланың өміріне араша түскен  Г. Абықай мұндай бассыздықты "отбасылық кикілжің" деп қарамауды сұрайды.

Ал Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған іс бойынша ҚР ҚК 140 бабына сәйкес сот алды тергеу басталғанын жеткізді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар