Қарызы бар азаматтардың жүктемесін азайтуға арналған қаулының жобасы бекітілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Тұрмысы төмен азаматтардың несиесі мемлекет есебінен 1 қыркүйекке дейін өтеледі.
Онда тұрмысы нашар және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың несиесінің 300 мың теңгесі 1 қыркүйекке дейін өтелуі тиіс деп жазылған.
Сол себепті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 15 шілдеге дейін қарызы бар азаматтардың тізімін жасап, жалпы берешегін есептеуі керек. Кейін мәліметтерді Ұлттық банк тексереді. Соның нәтижесінде Қаржы министрлігі проблемалық несиелер қорына ақша аударады.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 26 маусым күні Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойды.Мұндай жеңілдік көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.
Бұдан бөлек, олардың биылғы 1 маусымға дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 миллион теңгеден аспауы тиіс.
Пікір қалдыру