ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Желдібай Руслан Сұлтанұлы Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Желдібай Руслан Сұлтанұлы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және Warwick университетін (Ұлыбритания) жобалық басқару (MSc Programme and Project Management) мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» стипендиясының иегері.
Еңбек жолын «Азамат» бағдарламасының жүргізушісі («Хабар» агенттігі, «Ел-Арна» телеарнасы) ретінде бастады.
2011-2012 жылдар аралығында - журналист, «Алаң» саяси ток-шоуының жүргізушісі, «Қазақстан» ұлттық телекорпорациясы.
2012-2018 жылдар аралығында – «Оңтүстік Астана» телерадиокомпаниясы» АҚ-да бөлім жетекшісі, бас продюсер.
2018 жылдан 2019 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы.
2019 жылдың ақпан айынан бастап – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Пікір қалдыру