Жақында ғана жарылыс болған Арыс қаласындағы әскери бөлім ешқайда көшпетін болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ермиян Биятов, Қорғаныс министрлігі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары:
–Арыстағы гарнизонда әскери бөлім осында қала береді. Бірақ қалаға қауіпсіз болады. Жарылғыш заттар жиналып біткеннен кейін олар Арыстан 60 шақырым жердегі арнайы полигонға апарылып, түгел көзі жойылады,- дейді.
Арыс қаласынан әлі күнге дейін табылған барлық снарядтарды әскерилер жинап алды. Арыста қазіргі есеп бойынша 27 үй жарамсыз болып қалған, оның 21-і өртеніп кеткен. Дәл қазіргі сәтте халыққа қажеттілігі жоғары нысаналар өз жұмысын бастап кеткен. Ең бастысы нанмен қаматамасыз етіп отырған наубайхана жұмыс жасауда.
Мұрат Қадырбек, Арыс қаласының әкімі:
–Су және электр энергиясы толығымен берілген. Барлық тасымалдаушы мекемелер жұмысына кірісті. Қаладағы үш наубайхана нанмен халықты қамтамасыз етіп отыр. Және қала аумағында 20-дан астам азық-түлік дүкендері толығымен жұмыс істеп жатыр,- деді.
Естеріңізге сала кетейік Арыс қаласындағы жарылыс 24-мамыр таңғы сағат 09:00 де басталған болатын. Дер кезінде қала халқы эвакуацияланып, Түркістан облысындағы мектеп, үйлерге орналастырылған. 28-мамыр күні арыстықтар қайтадан үйлеріне қайтқан еді.
Пікір қалдыру