Шығыстың киелі жерлеріне туристерді тартуға күш салынады

/image/2019/07/05/crop-78_9_794x1059_vko.jpg

Шығыс Қазақстанда киелі жерлерге туристерді тарту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр. Бұл ішкі туризмнің дамуына тың серпін бермек деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Облыстың туризм басқармасының басшысы Марат Қабақовтың айтуынша, Абай ауданындағы Қоңыр әулие үңгірінің ішін жөндеуге 25 млн. теңге қаражат бөлініп, толық игерілген. Қазіргі күні қазақстандық инвестор үңгірдің қасынан 25 орынға шақталған қонақүй құрылысын бастаған.     

Дәл осындай жұмыстар Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай ата кесенесінде де жүргізілген. Мәселен, кесененің аумағын абаттандыруға 50 млн. теңге бөлініп, орнымен жұмсалған.  

– Кейінгі жылдары өңірдің туризм саласына шетелдік инвесторлардың келуі қарқын ала бастады. Нақты деректерге сүйенсек, алдыңғы жылдармен салыстырғанда былтыр бұл көрсеткіш 25 пайызға өсті. Алайда біз қазір ішкі туризмге көңіл бөліп отырмыз. Әсіресе, еліміздің киелі жерлерінің тізіміне енген қасиетті орындарға басымдық берілуде, – деп атап өтті басқарма басшысы. 

Осы орайда басқарма басшысы ішкі туризмді ілгері бастыруда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келе жатқан «Әдеби Шығыс» жобасының берері мол екенін айтты.  

Естеріңізге сала кетейік, «Әдеби Шығыс» жобасының мақсаты мектеп оқушыларына өңірдің киелі жерлерін, мәдени, тарихи орындарын аралатып, Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты алыптардың туған мекеніне саяхат ұйымдастыру. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар