Алматы қаласының әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев оқу демалысына жіберілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Арман Қырықбаев Алматы әкімінің орынбасар қызметін 2015 жылдың 16 қазанынан бастап, биылғы жылдың 5 шілдесіне дейін атқарды.
Денсаулық сақтау, білім, қоғамдық даму, спорт, мәдениет және өзге де салаларға жетекшілік етті.
5 шілдеде Алматы әкімінің орынбасары қызметіне Ержан Бабамұратов тағайындалды.
Пікір қалдыру