Алматыда 6 шілде кешкі 19.00-ден бастап полиция Балуан Шолақ спорт кешенінің маңында жүрген 100-ден аса адамды ұстады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына арнайы барған Қамшы тілшісі полицияның адамдарды ешқандай себепсіз ұстағанын көрген. Полиция өкілдері алдымен тек ер адамдарды ұстады. Сосын сол маңда жүрген барлық адамдарды жаппай арнайы полиция көліктеріне күшпен кіргізіп алып кетті. Адамдар полиция ұстағаннан кейін "Шал кет!", "Алға, Қазақстан!", "Оян, Қазақстан!" "Шалдың құлдары жіберіңдер!" деп айғайлады. Полиция ұстағандардың арасында егде жастағы әйел адамдар да бар.
Алматыдан бөлек дәл осы күні Нұр-Сұлтан, Шымкет қалаларында да адамдарды ұстаған.
Қазақстанда тиым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, Еуропада тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов бұған дейін әлеуметтік желілер арқылы 6 шілде Қазақстан халқын қазіргі билікке қарсы наразылыққа шығуға шақырған.
Пікір қалдыру