Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы үлкен қызы Айсәуле Бақытбектің ата-енесі мен күйеуіне неліктен тамақ жасамайтындығы белгілі болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында продюсердің үлкен қызы Айсәуле тұрмысқа шыққан соң ата-енесінің үйіне жасауымен бірге үй қызметшісі мен аспазды да ертіп әкелген еді. Бұған қатысты анасы:
–Мен қызымды үй тірлігін жасауға үйреткен жоқпын. Мен оны білім алуға, кітап оқуға үйреттім. Үйде үй тірлігімен айналысатын қызметшілер мен аспаздар бар. Үй шаруасын кез-келген уақытта үйреніп алуға болады. Егер күйеуі қаласа, тамақ жасауды да үйренеді. Қызым енді үйреніп келе жатыр, оған дейін ол көңілі қалаған нәрсесін жасап жүрді. Тіл үйренді, оқыды, ойнады, күлді, - дейді Баян Мақсатқызы.
Пікір қалдыру