Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Абай Құананбаевтың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын жалғастырып, "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқыды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Президент өзінің инстаграм парақшасында Абайдың өлеңін оқыған видеосын жариялады.
"Қадірлі ағайын! Кішкентай балдырған қызымыз – Ләйлім-Шырақ Абайдың Жүз жетпіс бес жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын маған жолдаған екен. Мен бұл бастаманы зор қуанышпен қабылдадым. Хакім Абайдың есімі әрқашан қазақ халқымен қатар айтылады. Біз Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух дарытамыз. Абай арқылы Елімізді әлемге паш етеміз. Биыл отызыншы мамырда данышпан Абайдың Жүз жетпіс бес жылдығын республикалық деңгейде атап өту жөнінде арнайы Жарлыққа қол қойдым. Абай мұрасы – біздің қастерлі қазынамыз! Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаймын", - деп жазды инстаграм парақшасында.
Пікір қалдыру