"Абай-175" эстафета: Білім министрі президент жолдаған эстафетаны жалғастырды (видео)

/image/2019/07/10/crop-10_6_581x774_085641901100.png

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан эстафетаны қабылдап, ұлы Абайдың өлеңін оқып, видео жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Бұл туралы министр фейсбуктегі парақшасында жазды. Білім және Ғылым министрі Абайдың "Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап" атты өлеңін таңдаған.

"Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан зор құрметпен қабылдап, кезекті эстафетаны еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғары оқу орындарының ректорларына және студенттер мен оқушыларға жолдаймын", - деді білім министрі.

Еске салсақ, 9 жастағы оқушы Ләйлім-Шырақ Абай өлеңдерінен үзінді оқып, эстафетаны жалғастыруды президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған еді.

Мемлекет басшысы эстафетаны қабылдап, Абай атаның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінен үзінді оқып, бүлдіршіннің эстафетасын қолдайтынын білдірген болатын.

Тоқаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар