Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы жағдайды баяндай отырып, жауапкершіліктен қашпайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, Ермекбаев кінәлілер заң алдында міндетті түрде жауап беретінін атап өтті.
"Мен, республиканың қорғаныс ведомствасының басшысы ретінде, мемлекеттік қызметтің заңдарына сәйкес, осы қызметке тағайындалған алғашқы күннен бастап, яғни 2018 жылдың 7 тамызынан бері Қарулы күштерде болып жатқан барлық оқиғаларға тікелей жауаптымын. Мен бұл жауапкершілікті өзімнен алып тастамаймын және жауапкершіліктен қашқан емеспін, қашу ойымда да болған жоқ", - деді министр Арыстағы жағдайға байланысты өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар министрдің айтуынша, жауапкершілік пен кінәні шатастыруға болмайды.
Пікір қалдыру