Нұрлан Ермекбаев: "Камера алдында емес, көзбе-көз болған оқиға үшін кешірім сұраймын"

/image/2019/07/10/crop-147_189_412x549_snimok-ekrana-1277.png

Нұрлан Ермекбаев Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте Арыс халқынан кешірім сұрағанын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол әскери адамдар популизммен емес іспен шұғылдану керектігін айтты. 

"Ашығын айтсам, арыстықтармен кездесуде халықтан өзім кешірім сұрағанмын. Жапа шеккендер және эвакуацияланғандармен бірнеше рет кездестім. Жапа шеккендерден әрқашан кешірім сұраймын. Алдағы уақытта да камера алдында емес, көзбе-көз болған оқиға үшін кешірім сұрайтын да боламын.  Бірақ әскери адам популизммен емес, нақты іспен шұғылдануы керек. Болған істі түзетумен айналысу керек", - дейді Нұрлан Ермекбаев.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар