Украина президенті Владимир Зеленский Киев облысының белсенділерімен кездесу кезінде Борисполь қалалық кеңесінің хатшысы Ярослава Годунокты жиыннан қуып жіберді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі УНИАН сайтына сілтеме жасап.
Бұл оқиға Борисполь қалалық кеңесінің ғимаратында болып жатқан ауруханалардың проблемаларын талқылау кезінде орын алды. Жиналыста Годунок үнемі орнынан айқайлап, Зеленскийдің назарын аударды.
Бірінші кезекте Зеленский оған сөйлеуге мұрша беріп, аурухана жайлы ойын сұрады.
Айқайға көп шыдамаған президент бұрын сотталған Годуноктың залдан шығып кетуін сұрады.
Пікір қалдыру