Жаңа кітап жарық көрді

/image/2019/07/11/crop-50_243_1915x3405_books.jpg

Рухани жаңғыру" мақаласы аясында шыққан кітапта ақынның түрлі тақырыптағы жырлары топтастырылған. Таралымы 300 дана. Басылымды автор өзі қаржыландырған.

Рамазан Тұрмағамбеттің әдебиет әлеміне бала кезден жаны құмар. Жастайынан қалам тербеп, түрлі тақырыпта өлең өріп жүр. Ақын табиғатпен тілдесіп, әдемі көріністерден шабыт алады екен. Осы уақытқа дейін қағазға түскен жүзге жуық жырлары «Құс жолы» атты кітап болып жарық көрді.

-Төлеген Айбергенов ағамыз айтпақшы, «Мен өлемін өзімнің» биігімде демекші,әр ақынның өзінің биігі,ұшатын шыңы бар.Сол сияқты,өлеңдеріміз биіктесін,қалықтасын деген ниетте тақырыпты осылай алдық. Кітап болып жинақталуына үлкен көмек берген Мұрат Жетекбай және Нияз Тобыш деген ағаларымыз үлкен ықпалын тигізді, - дейді ақын Рамазан Тұрмағамбет.

Жуырда тұсауы кесілген жаңа жыр жинағы сүйікті оқырмандарын тауып үлгерген. Өйткені, кітаптан туған жер, табиғат, ата-ана, махаббат туралы түрлі тақырыптағы туындыларды кезіктіруге болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар