Арыс қаласындағы қойма өртенді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Арыс қаласында қойма аймағы өртеніп жатыр. Қызыл жалынды сөндіруге 8 өрт сөндіру техникасы, ТЖД-нің 55 өртсөндірушісі жұмылдырылды. Тілсіз жау жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлеушімен дұрыс жұмыс істемегеннен шыққан», – делінген хабарламада.
Жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Пікір қалдыру