"Қамшы сұхбат" хабарының кезекті қонағы — Алматы облысының әкімі Амандық Батталов. Сұхбат барысында Амандық Батталов неге өкінетіні туралы айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
— Жақында фейсбук парақшаңызда Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровпен бірге түскен суретіңізді жарияладыңыз. Сол сурет сіздің шынайы болмысыңызды көрсетіп тұрғандай әсер етті. Сіз суретте чемпионмен кездесіп тұрған әкім емес, бауырын құшақтаған туысқаны секілді және жүзі жылы адам ретінде көріндіңіз. Ал осыған дейін әкімдік қызметіңіздің адами болмысыңызға кедергі келтіріп, ұнамайтын жұмыстарды істеуге мәжбүрлеген кездер болды ма?
Суреттің тарихына тоқтала кетсек. Біз сол кезде Астанада болдық. Біздің делегация бірге суретке түстік. Ал Жақсылық Үшкемпіров қалып қойыпты. Сосын ол маған қарай жүгіріп келе жатты. Кейін екеуміз бірге суретке түстік. Біздің арамызда қызық сөз бар. Бұл халық арасына да кеңінен таралған. Алматы облысында жақсылық болсын, амандық болсын деп айтады. Түсіндіңіз бе?
Мен өзім спортқа жақынмын. Жақсылықты адам ретінде қатты жақсы көремін. Чемпион болса да өте қарапайым адам. Екеуміз бірге жарыстарға бірге көрермен болып барамыз. Сол кезде мені Алматы облысының әкімі ретінде таныстырады. Көрермендер қошеметін көрсетеді. Ал Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің атын айтқан кезде зал шулай жөнеледі. Көрдіңіз бе? Халық оны қатты жақсы көреді? Мені жақсы көрмейді деп айтып отырғаным жоқ. Жай ғана Жақсылық Үшкемпіров осындай халықтың ықыласына ие болуға лайықты жан екенін айтқым келеді. Ең бастысы, жастарға жақсы үлгі болып жүр.
— Кейде қызмет бабында қатқылдау болып, қол астыңыздағы қызметкерлерді жұмыстан шығаруға тура келетін жағдайлар болып жатады. Бірақ кейін сол әрекетіңізге өкінетін кезіңіз болды ма?
— Әрине, болады. Сіздер келмес бұрын кадрлық ауыс-түйіс болды. Тіпті кейде ашуланып шешім шығарған соң түскі ас кезінде жүрегім ауыратын кездер болады. Қатты кеттім бе, дұрыс айтпадым ба деп ойланып, уайымдаймын. Осындай сәттер менде де болып тұрады.
Пікір қалдыру