Ресей президенті Владимир Путин өзінің украиналық әріптесі Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме беріп.
Хабарласуды украиналық тарап қолға алды. Ал екі президент телефон арқылы нені талқылады?
"Украинаның оңтүстік-шығысындағы шиеленісті реттеу және екіжақты тұтқындарды қайтару туралы талқылады. Олар екіжақты келісімді жалғастыру туралы да сөйлесті. Сонымен қатар, Норман форматында келіссөзді жалғастырып, екі жақты шиеленісті жою туралы да әңгіме болды", - деді Ресей президентінің хатшысы Дмитрий Песков.
Пікір қалдыру