Ресейлік шоу-бизнес өкілдері Валерия, продюсер Иосиф Пригожин, Муз-ТВ арнасының бас директоры Арман Давлетьяров Instagram парақшаларында Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны қабылдап, ақынның өлеңінен үзінді оқыды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Эстафетаны қабылдаған Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңінен үзінді оқып, эстафетаны ресейлік әнші Валерияға, продюсер Иосиф Пригожинге, Евгений Плющенко мен Ана Рудковскаяға, Қазақстанда Алтай Көлгінов пен Бауыржан Байбекке жолдаймын деді.
Продюсер Иосиф Пригожин «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін орыс тілінде оқыды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал, танымал әнші Валерия ұлы Ақынның «Не упивайся праздной красотой» өлеңін орыс тілінде оқыды. Және келесі эстафетаны Лера Кудрявцеваға, Байғали Серкебаевқа жолдады.
Пікір қалдыру