Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы қаладағы 15-шілде күні жаппай электр энергиясының өшу себебін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін 15-шілде күні сағат 14:14 "АлЭС" АҚ №2 жылу электрцентралда техникалық ақау пайда болды. Қазіргі кезде, №2 жылу электрцентралда КЛ-220 электр қуатын көрсетір тұр. Сонымен қатар, қаланың сыртқы айналым бөлігінде қаланы электр энергиясына қосу жұмыстары жұргізілуде. Жарық толығымен 1-1,5 сағатта қосылады", - делінген хабарламада.
Алматы қаласы бойынша электр энергиясы толығымен сағат 17:00 қосылады.
Пікір қалдыру