Сабыр етерсіз, қадірлі оқырман! Біздің Тәуелсіз Қазақстанымыз 30 жылдық егемендік межесінде Орта Азия елдері бойынша өз-өзіне қол жұмсаудан көш бастап келеді.
30 жыл көлеміндегі масқара статистиканы шығарған америкалық Хьюстон-Даунтаун университетінің мұғалімі Шахназ Савани еді. «Орта Азиядағы суицид: Адам өмірін қорғаудың жолдары мен тәсілдері» деген тақырыпта баяндама оқыған америкалық абыройды айрандай төкті.
Енді пайызға кезек берелік. Өзінің өмірін өз қолынан қиғандардың 48,1 пайызы Қазақстанда, 15,8 пайызы Түрікменстанда, 13,6 пайызы Өзбекстанда, 7,2 пайызы Тәжікстанда орын алған.
Шахназ Саванидің айтуынша, аталған елдерде ислам дінін ұстанатынына қарамастан, өз-өзіне қол жұмсау фактілері азаймай тұр. Шахназдың ойынша, ислам діні қате басқан адамға үлкен жаза қойып, кінәсін бетіне баса береді және ешқандай жан-жақты қолдау көрсетпейді-мыс.
Пікір қалдыру