Қазақ бала алаңға жүгіріп шығып, өзінің кумирі Криштиану Роналдумен суретке түсті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Хабар 24. сайтына сітеме жасап.
Бұл туралы белгілі журналист Роза Есенқұлова өзінің Facebook парақшасында жазды.
"Расымен де армандар орындалады. Кеше бұл қазақ бала алаңға жүгіріп шығып, өзінің кумирі Криштиану Роналдумен әңгімелесіп, суретке түсті. Қандай керемет!", - деп жазды тілші.
14 жастағы Ахмади Ержанов португалдық футболист Криштиану Роналдудың жанкүйері.
Кішкентай Ахмадиге әкесі 21 шілдеде Сингапурда өткен "Ювентус" - "Тоттенхем" арасындағы матчқа билет сатып алып берген.
"Ол ойын бойы, отырмастан Роналдуды бақылап тұрды. Қатты қобалжыды. Сол кезде мен ұлыма "алаңға жүгіріп шығып, кумиріңе бар" деп айттым. Оның ұзақ уақыт бұл қадамға батылы жетпей тұрды. Күзетшілер өте көп еді, ол қатты қорықты. Сол кезде мен "Бұл сенің соңғы мүмкіндігің, егер бармасаң өмір бойы өкініп өтесің", дедім. Ол алаңға жүгіріп кетті. Алған әсерін айтып жеткізе алмаймыз", - деді әкесі Болатбек Абулхаиров.
Бұл сәтті барлық шетелдік телеарналар түсіріп алған. Алайда бұл оқиғаның соңы келеңсіздікпен аяқталып отыр. Роналдумен кездескеннен кейін баланы жергілікті полицейлер алып кеткен. Бірақ кейін баланы босатыпты.
"Бізге айыппұл салынбақ. Қазірдің өзінде полиция учаскесіне шақырып жатыр. Бізге қанша айыппұл салса да маңызды емес, өйткені мен баламның арманын орындадым", - деді әкесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Естеріңізге сала кетейік, "Ювентус" – "Тотенхэм" матчы 21 шілдеде Сингапурде өтті. Ойын 3:2 есебімен "Тоттенхэмнің" жеңісімен аяқталды.
Пікір қалдыру