АҚШ "Астана процесін" мойындамады

/image/2019/07/22/pereg-2-700x436.jpg

Қазақстан өзін сыртқы саясатта өзін бітімгер, жаһандық мәселелерге үнқосқыш ретінде көрсетіп келеді. Елбасы халықаралық мінберлерден сөйлеген сөзінде адамзатты толғандыратын, планеталық масштабтағы мәселелерді жиі көтерген болатын. Сондай бастамалардың бірі – Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған Астана процесін АҚШ мойындамайтынын мәлім етті.

АҚШ Сириядағы жағдайды реттеуші бірден-бір алаң біріккен ұлттар ұйымы ғана деп есептейді. Мемлекеттік департамент төрағасының сөзінше Вашингтон Нұр-Сұлтан қаласында тамыз айына жоспарланып отырған Астана процесі аясындағы кез келген формадағы келіссөздерге қатыспайды. Сыртқы саясатпен шұғылданатын америкалық ведомство басшысы БҰҰ ғана Сирия келіссөздерін саяси алға жылжуға жетелеуге қауқарлы екенін айтты.

"Женева процесі – Сирия мәселесінде сенім ұялататын, заңды және халықаралық деңгейде мойындалған жалғыз формат", – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ төраға Астана процесінің қантөгісті тоқтатуда, бейбітшілікті орнатуда дәрменсіздігін жеткізді.

Айта кетейік, Астана процесі Ресей, Түркия және Иранның бастамасы бойынша елордада өтіп келеді. Отырыстарға Сирия үкіметінің өкілдері мен оппозициялық күштер де қатысуда. Бақылаушылар қатарында БҰҰ, Иордания бар. Келесі, 13 отырыс 1-2 тамыз күндері өтпек.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар