Мемлекет басшысы қорықшының өліміне қатысы бар қаскөйлер ұсталып, жазаға тартылатынын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ол туралы президент өзінің Тwitter әлеуметтік желісінде жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған қорықшының отбасына көңіл айтты. Және қарақшылар тиісті жазасын алатынын хабарлады.
"Браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін", - деп жазды президент.
Браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) July 23, 2019
Пікір қалдыру