Бүгін Семей қаласында Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын бостуға қатысты сот отырысы өтуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сот залына Мұхтар Жәкішевті қолдауға 50 шақты адам жиналды. Сот отырысы Мұхтар Жәкішевсіз өтті. Судья сотталушымен видео арқылы байланысқа шықты. Сот отырысы ашық түрде өтті.
Мұхтар Жәкішев сот отырысының соңында сөйледі.
"Мен соңғы 10 жылда алғаш рет ел алдына шығуым. Бүгін алғаш рет сот отырысы менің қатысуыммен өтіп жатыр. Осыған дейін 10 жыл бойы маған тек түрме туралы айтты. Мен өзіме қандай айып тағылғанын әлі күнге дейін түсінбедім. Бүгін алғаш рет әділдікті көріп отырмын. Екіншә сот отырысы кезінде маған судья "жоғары мәртебелім" деп сөйле деді, мен болсам "судья мырза" дедім. Аталмыш азаматтық шағымдар кейін пайда болған еді. Тіпті екінші сот отырысында менің адвокаттарым болмады. Төртінші сот отырысында менің мерзімімнен бұрын босатылуым туралы ғана қаралған болатын. Сол кездегі менің денсаулық жағдайым ескерілу керек болған. Бірақ сол кездегі сот отырысында қандай шешім шыққанын өздеріңіз де білесіздер. Шындық ауру емес. Оны жұқтыруға немесе қолдан жасауға болмайды. Шындық әрқайсымыздың жүрегіміздегі нәрсе. Әркім өз таңдауын жасауға құқылы. Менің ойымша сыбырлап айтылған шындық бәрінен қатты естіледі", - дейді Мұхтар Жәкішев.
Пікір қалдыру