1911 жылдың қазан айында венгерлық газеттік магнат Джозеф Пулитцер өмірден озып бәрін таң қалдырған өсиет қалдырған болатын. Ол бойынша 2 миллион доллар өз атындағы журналистік мектеп ашуға жұмсалған. Өсиет 1903 жылы тамыз айында жазылып сол күннен бастап Пулитцер сыйлығы расталды. Осы жөнінде «Қамшы» порталы ақпарат ұсынады.
Пулитцер сыйлығы әдебиет, журналистика, музыка және театр салалары бойынша үздіктерге табысталып тұрады. Әр жеңімпазға $10 000 сыйға тартылады. Кейбіреулеріне алтын медаль беріледі.
Конкурс материалдары газет пен журнал кесінділерінен альбом жасалып тапсырылатын. Бұл дәстүрге айналып кеткен болатын, бірақ 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыстар тек қана электронды нұсқада қабылдана бастады.
Джозеф Пулитцер журналист болып кездейсоқ жұмыс істей бастаған.Ол Сент-Луистағы кітапханада өтіп жатқан шахмат ойынында батыл пікір айтып тұрып ойнап жатқан екі газет редакторлардың көзіне түскен еді. Оларға Джозефтің сөйлеген тәсілі ұнап қалып жұмысқа шақырған.
Студентерді журналистикаға үйретуді Пулитцер бірінші болып ұсынған болатын. Осыдан кейін университеттерде журналистика факультеттері ашыла бастады.
1917 жылдан бастап Пулитцер сыйлығы жыл сайын Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінің мамыр айының бірінші дүйсенбі күнінде беріледі.Сол жылы американдық журналист Герберт Байярд Своп 1916 жылдың қазан айында New York World газетінде жарияланған «Германия империясына іштен көзқарас» деген тақырыптағы материалдар сериясы үшін алғашқы Пулитцер сыйлығын алған еді.
Лайықты әдеби шығарма жоқ деп санаған қазылар алқасы 1920, 1941, 1946, 1954, 1964, 1971 және 1971 жылдары сыйлықты ешкімге бермеген еді.
2015 жылғы Пулитцер сыйлығының лауреаттары:
Лоббистер ықпалы туралы журналистік зерттеу мен Батыс Африкадағы Эбола вирусы туралы фоторепортаж үшін The New York Times газеті Пулитцер сыйлықтарын алған.
Оңтүстік Каролинаның The Post and Courier газеті “Қоғамға қызмет ету” номинациясында әйелдердің үй ішінде зорлық көру туралы бірнеше материалдар жарық көргеннен кейін сыйлық алды. The Post and Courier газетінің журналистері соңғы он жылдың ішінде 300 әйелдің өлім істерін зерттеген. Қазылар алқасы олардың еңбектерін “Әйелдер өлімі көп болатын штаттардың қатарында неге Оңтүстік Каролина тұрғанын зерттеген мақала сериясы өзіне назар аударарлық” деп атаған.
Екі сыйлықты The Los Angeles Times газеті алып кетті. Сыйлықтар құрғақшылық туралы мақаласы мен телевизиялық сын үшін берілді.
The Wall Street Journal мен The Washington Post газеттері де бір-бір сыйлықтан алды. The Wall Street Journal газеті тұрмысы төмен адамдарға арналған медициналық көмек бағдарламасының төлем системасы туралы құпия ақпарат жариялаған үшін, ал The Washington Post қауіпсіздік системасындағы кемшіліктері туралы репортаждары үшін Пулитцер сыйлықтарын алған болатын.Бұл репортаждар Құпия қызметі жұмысты қайта қарап шығуына мәжбүр етті.
АҚШ-тың жылдың ең басты тарихы - Фергюсон қаласында Майкл Броунды өлтіруі. Браунды полиция қызметкері атып тастаған болатын. Осы оқиға қала ішінде нәсіл арасындағы бассыздыққа әкеліп соқты. Бұл оқиғаны St. Louis Post-Dispatch газеті жарыққа шығарған үшін Пулитцер сыйлығын алған.
The Seattle Times газетінің қызметкерлері Вашингтон штаттарында болған көшкін туралы шұғыл ақпарат беріп жарыққа шығарған үшін сыйлық алды.
Алғашқы Пулитцер сыйлығын Bloomberg News компаниясы алды. Американдық корпорациялар салық төлеуден қалай жалтаратындарын(уклоняются от налогов) зерттеген журналист, өзінін шеберлігі үшін Пулитцер сыйлығына лайық болды.
Мектеп қабырғасындағы жемқорлық туралы мақала үшін The Daily Breeze of Torrance (Калифорния) газетінің журналистері ең үздік жергілікті жаңалықтар номинациясында сыйлық алды.
Журналистикаға қатысты номинациялардан басқа Пулитцер сыйлығы әдебиет, тарих, драматургия мен музыка салаларында да сыйға тартылады.
Ең үздік көркем шығарма үшін «Весь свет, который мы не видим» романын жазған Энтони Доерр болса, ең үздік биография үшін «Папа и Муссолини: тайная история Пия Одиннадцатого и рассвета фашизма в Европе» деген кітапты жазған Дэвид Кертцер Пулитцер сыйлықтарын алды.
2015 жылғы Пулитцер сыйлығының лауреаттары тізімі:
Қоғамға қызмет ету үшін: The Post and Courier газеті, Чарльстон, Оңтүстік Каролина
Шұғыл жаңалықтарды жарыққа шығарған үшін ең үздік: The Seattle Times газетінің журналистері
Үздік журналистік зерттеу: Эрик Липтон (New York Times) және Wall Street Journal газетінің журналистері
Шеберлік үшін: Захари Майдер (Bloomberg news)
Жергілікті жаңалықтарды жарыққа шығарған ең үздік: Роб Кузнья, Ребекка Кимитч и Фрэнк Сураки (Daily Breeze of Torrance, Калифорния)
Ұлттық тақырыбын ашып көрсеткен ең үздік: Кэрол Леонниг (Washington Post)
Үздік халықаралық репортаж: The New York Times қызметкерлері
Үздік очерк: Дайана Маркум (Los Angeles Times)
Үздік пікір: Лиза Фалькенберг (Houston Chronicle)
Үздік сын: Мэри Макнамара (Los Angeles Times)
Үздік редакциялық пікір: Кетлин Кингсбери (Boston Globe)
Үздік карикатура: Адам Зиглис (Buffalo News)
Үздік жаңалықтағы фотосурет: St. Louis Post-Dispatch газетінің фотографтары
Үздік көркем фотосурет: Дэниел Берехулак, New York Times-тың штаттан тыс фотографы
Кітаптар, драмматургия және музыка
Үздік көркем шығарма: Энтони Доерр (All the Light We Cannot See), «Весь тот свет, который мы не видим» романы
Үздік пьеса: Стивен Эдли Гурджис (Between Riverside and Crazy), «Между берегом и сумасшествием»
Үздік тарих кітабі: Элизабет Фенн (Encounters at the Heart of the World: A History of the Mandan People),«Столкновения в сердце мира: история народа манданов»
Үздік биография: Дэвид Кертцер (The Pope and Mussolini: The Secret History of Pius XI and the Rise of Fascism in Europe), «Папа и Муссолини: тайная история Пия Одиннадцатого и рассвета фашизма в Европе»
Поэзия: Грегори Пардло, Digest жинағы
Үздік көркем емес шығарма: Элизабет Колбер (The Sixth Extinction: An Unnatural History), «Шестое вымирание: неестественная история»
Көрнектіі музыкалық шығарма үшін: Джулия Вольф (Anthracite Fields), «Антрацитовые поля»
Айсұлу Тұрсынбаева






