Бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның кенже ұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Достар, жазудың өзі қиын, бірақ Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиеваның сүйікті әрі кенже ұлы Ілияс қайтыс болды... Бір өзі қаншама сыннан өтіп жатыр. Өмірдегі ең жаманы жақындарыңды жоғалту, ал ол өз балаларың болса, оны қабылдау тіптен мүмкін емес... Иманды болсын, кішкентай періште... Мұндай жағдай болмас үшін, барлығымыз бір-бірімізге қарап, адамды қудалап, түрлі айла-амалдарды жасаудың қажеті жоқ", - деп жазды Білім және ғылым вице-министрінің бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкен Facebook желісіндегі парақшасында.
"Чаттан көрдім. Онда барлығы көңіл айтып жатыр. Бұл жағдайдың мән-жайын білмеймін, Эльмира Амангелдіқызының көмекшісіне, әпкесіне хабарласып жатырмын, бірақ телефонды ешкім алмай жатыр. Маған бұрынғы вице-министр хабарласып, осы хабарды чаттан сағат түнгі 11-де оқығанын айтты. Ол кезде менің телефоным сөндірулі болатын, жаңа ғана көрдім. (...) Ең сүйікті ұлы еді", -деді көзіне жас алып Майраш Тайкенова.
Оның айтуынша, Суханбердиеваның ұлы ешқандай аурумен ауырмаған.
Пікір қалдыру