Алматыда екі көлік жүріп келе жатқан пойыздың жолында қалып қойды, зардап шеккендер бар деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Бірінші жол апаты жексенбі күні кешке Бекмаханов көшесінде Сүйінбай көшесіне жетпей болған. Lada Priora Бекмаханов көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатып, жол кептелісіне тап болады. Көлік темір жолдан өте бергенде, пойыз қағып кетті.
Оқиға салдарынан Lada көлігінде отырған жолаушы әйел зардап шегіп, бірақ алғашқы көмек алған соң ауруханаға жатудан бас тартты.
Екінші жол апаты Лавренев көшесінде "Жұлдыз" шағын ауданына бұрылар жерден төменірек болған. Куәгерлердің айтуынша, каршеринг қызметіне тиесілі Volkswagen Polo Лавренев көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқанда, жүргізуші кенет қарсы бетке шығып, қатты жылдамдықпен келе жатқан Mercedes E көлігімен бетпе-бет соқтығысады.
Жойқын соққыдан Mercedes қарсы бетте бірнеше жүз метр жүріп өтіп, аллеядан асып, пойыз жүріп келе жатқан темір жол үстінде бір-ақ тоқтады.
Пікір қалдыру