"Астана LRT" бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

/image/2019/07/30/crop-0_3_326x660_img_0489.jpg

"Астана LRT" ЖШС басқарма төрасы болған Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы болған Талғат Арданға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің тергеушілері қылмыстық іс қозғады. Соттың сырттай шешімі бар. Оған халықаралық іздеу жарияланған. Қазір Интерпол осы мәселемен айналысып жатыр", - деді компания басшысы.

Талғат Ардан 2017 жылы 27 шілдеде қызметінен босатылған еді.

Осыған дейін, Әсет Исекешев Астана әкімі (қазіргі Нұр-Сұлтан) болып тұрған кезінде Талғат Арданға Елорданың теміржол вокзалының маңайындағы автотұрақты сапасыз ұйымдастырғаны үшін сөгіс жариялаған болатын. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар