Президент көмекшісі тағайындалды

/image/2019/07/30/crop-20_0_362x483_1559133666_85a1f2c0-7422-4768-89da-d9c94ccc0c4c.jpg

Мәулен Әшімбаев Президент көмекшісі болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта. 

Ол 2018 жылы 1 ақпаннан бастап "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев 1971 жылы Алматыда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін тәмамдаған. Саяси ғылымдарының кандидаты.

Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.

1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі.

1995 жылғы маусым - қараша аралығында - Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.

1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.

1999-2000 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.

2000-2002 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

2006-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2012 жылғы ақпан - 2016 жылғы қаңтар аралығында - V сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 

2016 жылғы 25 наурыздан бастап VІ сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарған болатын. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

2003 жылы Джонс - Хопкинс университетінің Халықаралық зерттеулер мектебінде (АҚШ) ғылыми стажировкадан өтті.

2016 жылы Тафтс университетінің (Tufts University) жанындағы Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (The Fletcher School of Law and Diplomacy) бітіріп, халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған.

Ағылшын тілін еркін меңгерген. Үйленген, үш баласы бар.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар