Қазақстан балалары-нұрлы жолмен

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Бүкіл әлемде 1 - ші маусым 

Балаларды қорғау күні

 ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 

1949

 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 

1950

 жылы өткізілді 

БҰҰ

 аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі. БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен. Әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық. Аш-жалаңаштық, соғыс өрті, терактілер балалар ғана емес, үлкендердің де психикасына кері әсерін тигізеді. Бұл- қорғансыз балалардың басына түскен үлкен ауыртпалық екендігі шындық. Жасөспірімдер арасында нашақорлар саны өсуде, олардың жартысынан астамы ішімдік ішуден де кет әрі емес. Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Шымкентте 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай орталық саябақта «Қазақстан балалары-нұрлы жолмен» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Жалпы іс-шараға 5 мыңға жуық оқушылар мен жасөспірімдер, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Мерекелік шараға қатысушы жасөспірімдер арасында асфальтқа, плакаттарға сурет салу, түрлі қол өнер, спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламалар қойылып, көрермендерге қызықты көңіл күй тарту етілді. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыларға демеушілердің көмегімен балмұздақтар, сусындар, тәттілер таратылды. Қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, балаларымызға бақыт тіледі.

Шымкент қалалық білім бөлімі 

Қатысты Мақалалар