Түлкібаста дарынды балаларға арналған өнер мектебі ашылды

/uploads/thumbnail/20170708182241087_small.jpg

ҚР Тұңғыш Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша Қазақстанның облыстарында  дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Елбасының биылғы жолдауында нақтылап көрсетілгендей, саналы, білімді, дарынды ұрпақ – ұлт болашағы екенін жақсы түсінген Оғтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы басшылары да мұны назардан тыс қалдырмады. Түркібас ауданында дарынды балаларға арналған өнер мектепі бой көтеріп, халықтың игілігіне тапсырылды. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы, Састөбе елді мекенінде 100 балаға арналған өнер мектебі пайдалануға берілді. Саз мектебінің негізінде құрылған тәрбие ошағы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды үйретуді мақсат тұтады. Мұнда домбыра, би, ән қобыз үйірмелері мен тағы басқа жанрлар бойынша өнер топтары жұмыс істейді. Өнер мектебінің ашылуына аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Нұранов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Анашев, аудандық балалар өнер мектебінің директоры Н.Байжанысова қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Бүгінде Састөбе ауылында 6212 халық тұрса, оның 2 мыңнан астамы жасөспірімдер.

Түлкібас аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметі 

Қатысты Мақалалар