Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында тас жолдардың техникалық жағдайы жіті бақылауда. Қала бойынша коммуналдық меншікте тіркелген ұзындығы 996 шақырымды құрайтын 576 көше бар болса, ал жолдардың техникалық бақыдаудан кейін ұзындығы 1 531,09 шақырымды құрайтын 1 330 көше анықталған.
Осы жылыТараздағы 55 көше мен 85 көше бұрылысының орташа жөндеу жұмыстарына 1 млрд 471,1 млн теңге, көшелердің шұңқырларын қалыпқа келтіру жұмыстарына 360,0 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Оның ішінде мектептер мен балабақшаларға баратын 30 көшені ішінара және 32 жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарлама берілген.
Сондай-ақ, қала бойынша көшелердің жол жабындысының ағымдағы техникалық жағдайын анықтау мақсатында түгендеу жұмыстары жүргізіліп қорытындысы бойынша жалпықалалық «Жол» бағдарламасы қабылданды. Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар орналасқан және қоғамдық көлік өтетін көшелер тәртіпке келтірілмек. Бюджеттік қаржыландыру мүмкіндігіне байланысты қажетті жұмыстарды алдағы 3-5 жыл көлемінде атқару белгіленген. Сонымен қатар, Облыс орталығында түнгі жарықтандыру шамдарын электр қуатын үнемдейтін үлгілеріне ауыстыру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, осы жылы 2 даңғыл мен 27 көшеде темір-бетон бағаналарды металл бағаналарға ауыстыру, светодиод шамдар орнату және кабельдерді жер астымен жүргізу жұмыстары жасалынып жатырҚаладағы коммуналдық мекемелер газ және су құбырларын жүргізу барысында бұзылған жолдарын қалпына келтіру жұмыстары да қолға алынған..
Сонымен қатар, қала жолдарындағы ашық құдық мәселесін шешуге ден қойылуда. Бүгінгі таңда қалада барлық коммуналдық мекемелердің теңгерімінде 40 мыңнан аса ирригациялық, су, кәріз, байланыс, жылу құдықтары бар екен. Оларды тұрғындардың ұрлап,темір қалдықтарын қабылдау пунктеріне өткізуін тоқтату мақсатында темір құдық қақпақтары бетон мен пластмассадан жасалған қақпақтарға алмастырылып жатыр.
Жөндеу жұмыстар барысында қаладағы көлік кептелісін азайту және көлік қозғалысын ыңғайландыру мақсатында техникалық қадағалау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе, қаладағы бірнеше көшенің қиылыстарындағы бағдаршамдар уақытша өшірілген.
Қуаныш Кеуілімжай
Пікір қалдыру