82 жастағы ер адам 9 жасар қызды зорлаған

/image/2019/08/02/crop-13_6_582x871_zhitel_chelyabinska_v_techenie_10_let_domogalsya_sobstvennuyu_doch_.jpg

Самарқанд облысы Кушрабад аудындағы ауылдардың бірінің 82 жастағы тұрғыны екінші сынып оқушысын зорлаған деген күдікке қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Самарқанд облыстық құқық қорғау органы қызметкерінің айтуынша, тоғыз жастағы қыз 25 шілдеде күндік таулы қышлақтың бірінде зорланған.

"82 жастағы Р.О. 25 шілдеде тауда орналасқан ауылдағы үйіне бақша суғаруға барған. Ол көршінің үйіне кірген. Бұл уақытта онда тоғыз жастағы М.Б. ғана болған. Қарт кісі үйде қыздың жалғыз екенін көріп, оны зорлаған. Қыз есінен танып қалған соң, Р.О. қылмыс орнынан қашып кеткен", - деді ішкі істер бөлімінің бір қызметкері.

Қызға медициналық көмек көрсетілді. Күдікті ұсталды, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар