Президент депутаттан 175 миллион талап етті

/image/2019/08/03/crop-6_-1_330x586_kak-zarabotat-pervyj-million.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский 2-тамыз күні Иван-Франковсктегі отырыс кезінде Андрей Иванчукпен бірге кішігірім қойылым қойды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі UAportal сайтына сілтеме жасап. 

Зеленский отырыстың басын өзі әрең жеткен шұқыр жолдардан бастады.

Кейінірек Зеленскийдің көзі алдыңғы қатарда отырған халық депутаты Иванчукты шалып қалды. Иванчук сол аймақтың тұрғыны болатын.

"Сіз бұл жерге бекер келдіңіз",- деп Зеленский депутатқа бас салды да, одан 175 млг грн талап ете бастады.

"Біз осы жерде тұрамыз, сол үшін басқаларға неге көмек бермеске?",- дейді президент.

Әңгіме барысында Иванучка осы сомманы тауып бере алатынын айтып, Зеленскийдің шарттарын орындауға сөз берді.

"175 млн грн біреу үшін таңғы ас немесе кешкі ас",- деп атап өтті.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар