Президент сайлауы 2020 жылы өтуі мүмкін

/image/2019/08/05/crop-4_15_222x395_ent.png

Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина ОНТ телеарнасының "Контуры" бағдарламасына берген сұхбатында елде президент сайлауы 2020 жылы 30 тамызда өтуі мүмкін екендігін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ХАА БЕЛТА сайтына  сілтеме жасай отырып.

ОСК төрағасы мемлекет басшысын сайлауға тиімді уақыт көктем болып табылатынын айта келе:

"Бізде қараша айында сайлау өтеді, желтоқсанда жаңа парламент қалыптасып үлгереді. Бұл дегеніміз, үш айдан кейін президент сайлауын белгілеу керек болады. Ал сонда мыналарды біз неге алмастырдық?", - деді ол.

"Президент сайлауы Конституцияда белгіленген мерзімде өтеді деп ойлаймын. Яғни, 2020 жылы 30-тамыз күні. Меніңше, бұл уақытты Беларусь Республикасы президентінің сайлауы өтетін күн деп атауға болады", - деді Лидия Ермошина.

Оның айтуынша сайлау жаздың кезінде болады. Екінші жағынан, 30-тамыз күні халық еңбек демалыстарынан оралатын, студенттер ЖОО-ға орналасып үлгеретін уақыт. Яғни, сайлаушылар тіркелген жерлерінде болып, дауыс бере алады.

"Бірақ бұл қазір болжам ғана", - деп қосты ол.

Еске сала кетейік, Беларусь басшысы Александр Лукашенко 2019 жылы Өкілдер палатасы мен Республика Кеңесіне сайлау өтетінін, ал президент сайлауы 2020 жылы болатынын мәлімдеген еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар