Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы алаңда үздік мектеп түлектеріне «Алтын белгі» табыстады. Салтанатты шарада облыс басшысы білім сапасының жылдан жылға артып келе жатқанына тоқталып, биыл «Алтын белгі» иегерлерінің саны 608-ге жетіп, былтырғымен салыстырғанда 173-ке артып отырғандығын. ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орта балы – 78,7 болғандығын айтты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Сапалы білім мен тәрбие берген ұстаздар мен ата-аналарға алғыс айтып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге сәттілік тілеген өңір басшысы ҰБТ-дан 125 балл жинаған түлкібастық Лаура Абдазимоваға 500 мың теңгенің сертифакаты мен «Алтын белгіні» табыстады. Өзге де үздіктер салтанатты шара кезінде марапатталды.
Сондай-ақ, ҰБТ-дан оқушылары жоғары нәтиже көрсеткен бірқатар мектеп директорлары мен Л.Абдазимованың сынып жетекшісіне (Мақтарал ауданы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия, Түркістан қаласы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Мақтарал ауданы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат) Құрмет грамотасын тапсырды.
Биыл облыста мектеп бітірген 30075 түлектің 18112-сі ұлттық біріңғай тестілеуге қатысты. Ал 96 оқушы халықаралық олимпиада мен ғылыми жобалар жарысының жеңімпаздары ретінде тест тапсырудан босатылған.
Айта кетейік, ҰБТ-да 3398 бітіруші 100 балдан жоғары көрсеткішке ие болды. Ал, жоғары 125 балды – 1, 124 балды – 5, 123 балды – 22 оқушы жинады. Айта кетерлігі, соңғы төрт жылда облыстың орта балы 11,8 балға жоғарылап, «Алтын белгі» саны 366-ға артқан.