«Балаусадағы» балдырғандардың көңілі тоқ

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Түркістан қаласындағы «Балауса» жазғы сауықтыру демалыс лагері өз жұмысын бастаған болатын. Киелі өңір бүлдіршіндерінің көңіл қуанышын еселей түсетін қызықты сәттің алғашқы күнінде қала әкімі Ә.Өсербаев лагерге арнайы барып, балалардың жазғы демалысының сәтті өтуіне тілектестік білдіріп қайтқан болатын. Жазы жайлы көкмайса, Қаратау етегіндегі бұлақтан бастау алатын нулы өзенді қоршай орналасқан «Балауса» лагерінің табиғаты кез келген жанды тамсандырмай қоймайды. Қазір мұнда 150 бала демалуда. Ән салып, би билеп, түрлі сайыстарға қатысып белсеніп жүрген балдырғандардың көз жанарынан шаттық байқалады. Осындай табиғаты ерекше орынды күтіп ұстауға, қажетті құрал-жабдықтарды жаңартуға және бейнебақылау камераларын орнату үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, маусым басында біраз жұмыстар атқарылды. Қазір балалардың демалысын қызықты етіп өткізуге тиісті жағдайлар толықтай қарастырылған мұнда. Лагерде жаз бойына 900 бала демалатын болса, соның ішінде қала әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 160 балаға тегін жолдама берілген. Сонымен бірге,

«Тау самалы» оқу сауықтыру орталығына 350,

5 мыңнан (5250) астам түркістандық оқушы мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарына жіберіліп отыр.  

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 1- 2- 3- 4- 5- 6-

 

Қатысты Мақалалар