Алматы облысының экология Департаменті "AlmaTradeGroup" ЖШС-ға кезектен тыс тексеру жүргізді. Бүгінде келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Экология, геология, және табиғи ресурстар министрлігінің хабарламасына сілтеме жасап.
Ақпасу Алакөл жағасында орналасқан екі бассейіннен заңсыз орнатылған құбырлар арқылы ағызылған.
Департамент кәсіпорынның құжатарын тексеріп, су құрамынан сынама алып келесідей қорытындыға келген:
"Ақпасу экологиялық сараптама қорытындысынсыз және қоршаған ортаға эмиссиялау рұқсатынсыз ағызылғаны анықталды. Әкімшілік айыппұл салынып, ақпасу төгілген құбырларды демонтаждау туралы ұйғарым шығарылды".
Енді Алматы облыстық экология Департаменті кәсіпорынның қызметін тоқтату туралы сотқа талап-арыз түсірмек.
Экология министрлігінің мәліметінше, қоршаған ортаға төнер еш қауіп жоқ. Жағдай Департамент пен Қазгидрометтің бақылауында.
Еске сала кетейік, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Мұрат Әділханов Qoqtem Grand Resort қонақүйін 2018 жылы Алматы облысының әкіміне таныстырған болатын.
Пікір қалдыру