Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Көк-Төбе маңындағы өртке оранға аймаққа барды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен коммуналдық қызметтер мекемесінің 1500 қызметкері және 70 арнайы техника өртті ауыздықтауға жұмылдырылған.
Әкім жағдай туралы Қорғаныс және Ішкі істер министрімен сөйлесті. Қазір Көк-Төбе маңындағы 10 гектар көлеміндегі өрт толық сөндірілген.
"Өрт сөндірілді. Қала қауіпсіз жағдайда. Қазір өрт сөндіру қызметкерлері қарауылдап қана тұр. Өрт сөндіруге атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз", - деді шаһар басшысы.
Пікір қалдыру